21 Сәуір 10:03

60 мыңнан астам алматылық коммуналдық жеңілдікке ие болады

Фото:

 Алматы қаласында 60 мыңнан астам тұрғын төтенше жағдай ережесіне сай коммуналдық жеңілдікке ие бола алады. 

Алматы, NEGE. Олардың дербес шотына 15 мың теңгеден беріледі. Коммуналдық жеңілдікке І, ІІ және ІІІ топ мүгедектері мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен оларға теңістірілгендер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер. Сондай-ақ қызмет барысында қаза тапқан әскерилер мен ғарышкерлердің отбасылары ие бола алады.

 Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысы Әсет Масабаев: "Осы сәрсенбіде байланыс орталығы жұмыс істей бастайды. 341-05-27 нөміріне хабарласуға болады. Яғни бұл нөмір арқылы сізден ЖСН, дербес шотыңызды, аты-жөніңізді сұрайды. Егер 60 мың адамның ішінде болсаңыздар, екі айға 15 мың теңге қаржы бөлінеді" деді.

Төтенше жағдай кезінде қаланың 62 мыңнан аса азаматы 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек алса, «Біз біргеміз» шарасы аясында 50 мың теңге көлеміндегі көмек 23 мың азаматқа берілген. Сондай-ақ COVID-19 індетінің салдарынан жұмыссыз қалған тұлғаларға берілетін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек тағы бар.

Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева: "Алматы қаласы бойынша 42500 теңгеге 3610548 адам ие болып отыр. Жалпы соммасы 15,4 млрд теңгені құрайды. Бұдан басқа, өтініш білдірген 830 315 адам бар" деді.

Тегтер: