5 Тамыз 20:00

Үйлену тойына жиналған қонақтарға найзағай түсті

Фото:

Бангладеште үйлену тойының 16 қонағын найзағай соғып, мерт қылды, деп хабарлайды Daily Bangladesh басылымы.

Алматы, NEGE. Оқиға сәрсенбі күні күндіз елдің солтүстігіндегі Шибгандж округінде қонақтар Падма өзенінде қайықпен жүзіп жүргенде болған.

Полицияның мәліметінше, тағы алты адам зардап шеккен. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тегтер: