26 Қараша 11:48

Қытайда 1 миллиардтан астам адам вакцина алды

Фото:

Құрлықтық Қытайда 1,08 млрд адам коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өтті, бұл ел тұрғындарының 76,8 пайызы. 

Алматы, NEGE. Ол сондай-ақ Қытайда COVID-19 жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 8,9 оқиғаны құрайтынын, ал өлім деңгейі - 100 мың адамға шаққанда 0,4-ті құрап отырғанын атап өтті.

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирусты жұқтырудың расталған жаңадан 13 оқиғасы анықталды, өлім тіркелмеген. Бұл ретте, вирусқа шалдығудың жергілікті 4 жағдайы Ляонин провинциялары (Далянь қаласы) мен Шанхай қаласынан анықталған.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, құрлықтық Қытайда COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттердің 94,42% сауығып шықты. 2019 жылдың желтоқсанынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 98,5 мың адамға жетіп, 4636 адам қайтыс болған.

Тегтер: