6 Маусым 20:52

Германияда халықтың 20 пайызы екпе салдырған

Фото:

 Қазір кәрі құрлықта вакциналау қарқыны үдей түскен.

Алматы, NEGE. Германия халқының 20 пайызы, яғни 17 миллион адам екпе салдырған. Одан бөлек, 38 миллион тұрғын вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерген. Германияда әу баста тек қарт адамдар мен дәрігерлерге ғана екпе салынған. Кейін оларға тәртіп сақшылары, мұғалімдер мен өрт сөндірушілер қосылды. Қазір кез келген адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Бірақ ол үшін кезекке тұру керек. Елде Файзер, Модерна, Астра Зенека және Джонсон-джонсон екпелері қолданылады.  

Демек, елде індет жұқтырғандар саны азайып келеді. Берлинде де бұрынғыдай жиі тіркелмейтін болды. Қазір жасыл аймақта. Шектеу шаралары біраз жеңілдетілді.

Тегтер: