Бұрынғы мектептің ауласынан 215 баланың мәйіті табылды
Канадада бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында көмілген 215 баланың мәйіті табылды.
Алматы, NEGE. Жергілікті ақпарат құралдары олардың арасында тіпті 3 жасар бүлдіршіндердің денелері барын хабарлайды.
Бұл сұмдық оқиға Камлупс қаласында болған. Мұндағы интернатта 1890-1969 жылдар аралығында үндістердің балалары білім алған.
Алайда тиісті мекемелер жөнді қаржыландырылмаса керек. Салдарынан оқушылар дұрыс тамақтанбай, аштық пен түрлі инфекциядан көз жұмған.
Оларды ұрып соғу деректері де жиі кездесетін. Соның кесірінен 3 мыңнан астам бала қайтыс болған екен.
Үндістер қауымы өкілдері кей жағдайда кәмелетке толмағандардың өлімі құжатта көрсетілмей қалғанын айтады.
Қазір оқып жатыр
Қостанайда ернін үлкейткісі келген әйел ота жасаған маманды сотқа берді
Балаева «Ахуал сегодня» YouTube авторының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Алматылық дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған кішкентай баланы аман алып қалды
Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты