19 Сәуір 15:55

«Тең қоғам» орталықтарынан 6454 адам қызмет алды

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Фото: ғаламтордан

Алматы қаласында ана мен бала құқығын қорғау қай деңгейде? Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек түрі қарастырылған? Бұл туралы NEGE тілшісіне Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жауап берді.

  – Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалардың құқығын қорғауға қатысты қандай жобалар атқарылды?

– Мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты қолдау көрсету және оларды қоғамға интеграциялау мақсатында Алматы қаласында 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Тең өоғам» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталық мүгедектігі бар тұлғаларға жұмысқа орналасу және олардың әлеуетін іске асыру үшін біліктілік алуға, білім мен дағдылар алуға қажетті көмек көрсетеді. Сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, құқықтық, психологиялық қолдау көрсету және оқытуды қамтамасыз етеді. Мүгедектерді қоғамға тиімді бейімдеу мақсатында күнделікті өмірде және әлеуметтік өмірде дағдыландыру.

2023 жылы Алматы қаласы әкімінің «Тең қоғам» мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау орталығы» әлеуметтік жобасын кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласында 8 орталық ашу қолға алынды. 2023 жылы «Тең қоғам» орталықтарында 6 454 адам қызмет алды.

Ал 2022 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында қалада тегін мүгедектер арбасын жөндеу орталығы жұмыс істейді. Мұнда жергілікті қаржы есебінен мүгедектер арбасын тегін жөндеу, мүгедектер арбасының бөлшектерін ауыстыру, арбаларға техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Мүмкінлігі шектеулі жандар
ғаламтордан

Қазір мүгедектердің құқығын қорғайтын, мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытатын қорлар көп. Олардың жұмысына әкімдік қандай қолдау көрсетеді?

– Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жыл басынан бері медициналық-әлеуметтік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы психоневрологиялық аурулар бойынша мүгедектігі бар 1 235 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті. Бүгінде мемлекеттік сектор арқылы Алматы қаласында психоневрологиялық аурулар бойынша мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін 4 медициналық-әлеуметтік мекеме бар.

Оның ішінде 1 мекеме стационар жағдайында («Сенім» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ), 3 мекеме – «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді. Аталған мекемелерде жыл басынан бері стационар жағдайында 114 балаға, жартылай стационар жағдайында 590 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар
ғаламтордан

Ал мемлекеттік емес сектор арқылы (ҮЕҰ) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметпен 531 бала қамтылды («АРДИ» мүгедектігі бар балалар ата-аналарының қауымдастығы, «Мейірім» жеке қоры, «Амаль Иман» қоғамдық қоры, «Арман Алматы» қоғамдық қоры, «Дети Эйнштейна» қоғамдық қоры, «Рахым» қоғамдық қоры, «Балалар елдің болашағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» қоғамдық бірлестігі).

Алматыда қанша инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істейді?

– Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен 2024 жылдың 19 наурызынан бастап «Әлеуметтік интеграция орталығы» әлеуметтік жобасы өз қызметін бастады. Жобаның мақсаты – қазіргі заманғы шығармашылық тәжірибелердің коммуникациялық мүмкіндіктері арқылы мүгедек адамдарды әлеуметтендіруді қамтамасыз ету, тең қолжетімділік пен инклюзия негізінде олардың қабілеттерін дамыту. Оған 10 жастан асқан мүгедектігі бар, ақыл-парасаты сақталған адамдар қатыса алады. Ал «Әлеуметтік интеграция орталығы» базасында келесі студиялар жұмыс істейді:

мүмкіндігі шектеулі балалар
ғаламтордан

1. анимация және заманауи сурет салу әдістері;

2. фотосуреттер және операторлық өнер;

3. музыкалық даму және заманауи би;

4. актерлік шеберлік;

5. театр өнері;

6. әдеби шеберлік/журналистика (эссе, сценарий жазу, блог жүргізу, әңгімелеу);

7. психологиялық көмек;

8. Шахмат;

9. Робототехника.

10. Көркем және қолданбалы өнер.

Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына толыққанды жағдай жасалған ба?

– Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру кез келген дамыған қоғамның бірінші кезектегі міндеті. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатының өзекті бағыты болып табылады. Қолжетімді орта – бұл қозғалысы шектеулі адамдарды оңалту мүмкіндігі үшін шаралар кешені. Мүгедектігі бар адамдарға өз құқықтарын іске асыру бойынша басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер беру мақсатында Алматы қаласында әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл паспорттау және бейімдеу кезеңнен тұрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында объектілердің қолжетімділік картасын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының бейімделген объектілерінің паспорттарының деректері енгізілетін inva.gov.kz порталымен жұмыс жасалып келеді. Алматы қаласы бойынша 10 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі туралы мәліметтер енгізілді.

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар «Amanat» партиялық жобасының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» жобасы шеңберінде жыл сайын бейімделуге жататын қалалық нысандардың тізбесін қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Бұған сәйкес 5 жыл ішінде толық бейімделуді жүргізу көзделсе, биылға 3393 нысан жоспарланған.

Алматы қаласы
ғаламтордан

Сондай-ақ, Алматы қаласын дамыту бағдарламасы шеңберінде 2027 жылға дейін қаланың 75 мың инфрақұрылым объектісін паспорттау (2023 жылы – 7,5 мың (10%), 2024 жылы – 15 мың (20%), 2025 жылы – 22,5 мың (30%), 2026 жылы – 30 мың (40%) оларды 2030 жылға дейін одан әрі бейімдеумен (паспортталғандардың кемінде 75%) жүргізу көзделген.

2023 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде inva.gov.kz. жүйесіне деректерді енгізе отырып, 7,5 мың нысанды паспорттау бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылы 15 мың нысанды паспорттау жоспарланған.

Бүгінгі күні аудан әкімі аппараттары мүгедектігі бар және халықтың басқа да қимылы шектеулі топтары үшін олардың қолжетімділігі тұрғысынан түгендеуге және бейімдеуге жататын нысандардың қалыптастырылған тізбесін ұсынды.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу мынадай түрде жасалған: мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеуі лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті – мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етпеген ұйымдарға әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау жөніндегі уәкілетті орган.