20 Желтоқсан 11:35

Златан Ибрагимович қартайып қалыпты

Фото:

«Миланның» сапында ойнайтын шведтің атақты футболшысы Златан Ибрагимович қартайып қалғанын мойындады.

Алматы, NEGE. Daily Mail басылымының жазуынша, Златан соңғы кезде тез шаршап, көп ұйықтайтын болған. 39 жастағы футболшы ойыннан кейін қалыпқа келудің қиындағанын айтыпты. 

«Шіркін, 25 жасым қайтып келсе ғой!», – деп армандапты Златан Ибрагимович. Дегенмен де ол футболға деген құмарлығы әлі әлсіремегенін, мүмкіндігінше ұзақ ойнауға тырысатынын айтқан.

Тегтер: