8 Шілде 19:13

Раулиан Пайва: Жалғасты естен тандырамын

Фото:

Аралас жекпе-жек (ММА) шебері бразилиялық Раулиан Пайва жерлесіміз Жалғас Жұмағұловқа шүйлікті.

Алматы, NEGE. ESPN порталының жазуынша, бразилиялық сойқан Жалғасты жеңетініне сенімді сияқты.

11 шілдеден 12-сіне қараған түні БАӘ-дегі Жауынгерлер аралында Жалғас Жұмағұлов пен Раулиан Пайва төбелеседі. Жалғастың бұл UFC-дегі тұңғыш жекпе-жегі. Ал Раулиан біршама ысылған.

«Жұмағұлов – UFC-де жаңа адам. Енді оған барын салуға тура келеді. Ал мен болсам, қиян-кескі ұрыстарға талай қатысқанмын, тәжірибем де жеткілікті. Сондықтан тек жеңу үшін шығамын. Ол тепкенді жақсы көреді, бірақ мен джиу-джитсу шеберімін. Мен оны есінен тандырамын», – деді Пайва.

Әзірге Жалғас Жұмағұлов қарсыласына қандай «сый» дайындап жатқаны белгісіз. Раулианның тәжірибелі екені рас, бірақ біздің Жалғас та «естен тану» үшін шықпайтыны анық.  

Тегтер: