USD
USD
USD

Елдегі бөгеттер мен бөгендердің барлығы өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. «Апаттарға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруды көздейтін күрделі шаруа шешімін табуы керек. Сондықтан табиғат апаттарымен күресетін пәрменді шаралар қабылдау үшін мемлекет пен ғылымның ықпалдастығын іс жүзінде қайтадан түзу қажет.

Менің тапсырмаммен Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады. Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады. Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар да түгел қайта құрылады.

Елдегі бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту шаралары қосылады. Бұл шаралар халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленеді», – деді президент.

Қазір оқып жатыр

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип

Қазақстан дүниежүзілік мұра нысандары бойынша Азияның үздік 20 елінің қатарына енді

Коллаж