25 Қыркүйек 16:00

КХЛ: Бүгін «Барыс» ойнайды

Фото:
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
 
Екі команда бүгінге дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 17-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
 
«Барыс» бұдан елордада Мәскеудің ЦСКА командасына овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
 
Ал «Сибирь» Новосібірде Магнитогорскінің «Металлург» командасына 1:3 есебімен жол берді.
 
Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы жеті кездесудің небәрі екеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Сибирь» 8 ұпаймен 22-орында тұр.
Тегтер: