26 Қаңтар 13:51

Қазақ спортшылары фристайл-могулдан әлем және Еуропа Кубоктарында алтын мен күміс жеңіп алды

Фото:

Фристайлшылар Анастасия Городко мен Юлия Галышева ірі халықаралық жарыстарда жүлде тұғырына көтерілді

Алматы, NEGE. Анастасия Городко франацуздың Фон-Роме қаласында фристайл-могулдан өткен Еуропа Кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол швед спортшысы Май Бьеркман мен француз Камил Кабролды артқа тастады.Бұған дейін Городко Еуропа Кубогында үш мәрте топ жарған болатын.

Тағы бір спортшымыз Юлия Галышева Канаданың Тремблан қаласында дәл осы спорт түрінен жалауын көтерген әлем Кубогында күміске қол жеткізді. Галышева сайыстың жеңімпазы атанған француз спортшысы Перрин Лаффоннан небәрі 2 ұпай кем түсті.

Фристайл-могулдағы қыздардың жетістігін Қазақстанның ерлер құрамасы қайталай алмады. Ең жоғарғы нәтиже көрсеткен Павел Колмаков 11-орында.

 

Тегтер: