30 Наурыз 15:44

Қанат Ислам Мунгиямен жұдырықтасады

Фото:

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.

Алматы, NEGE. RingPolska мәліметінше, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде Хайме Мунгиямен (34-0, 28 КО) жұдырықтасады.

Ислам – Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтеді.

Бұл бокс кеші 2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған, алайда коронавирус пандемиясына баланысты ол туралы әлі күнге дейін ресми айтылмады.

Тегтер: