8 Қараша 15:34

Головкин IBF титулын қашан қорғайды?

Фото:

Головкин IBF титулын желтоқсан айында қорғамақ.

Алматы, NEGE. IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайды, деп хабарлайды essentiallysports.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердың айтуынша, DAZN стриминг компаниясы «GGG» мен Шеремета жекпе-жегін 18-19 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Камил Шеремета (21-0-0,5 КО) орта салмақтағы IBF титуылының міндетті қарсыласы. Егер, Головкин айқастан бас тартса, IBF чемпиондық атақты қайтарып алуға құқылы.

Тегтер: