25 Қараша 17:24

Елордада Шахматтан ӘЧ өтеді

Фото:

2021 жылғы 25-31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Шахматтан рапид және блицтен FIDE  Әлем чемпионаты өтеді. 

Алматы, NEGE. Қазақстан Шахмат федерациясының мәліметінше, аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі асыға күтілетін оқиғалардың бірі саналады. Оған әлемнің 52 елінен 200-ден астам шахматшының қатысатындығы жоспарланған. Олардың арасында әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары шахматшылар бар. Чемпионатқа Ұлттық федерация атынан ерлер мен әйелдер секцияларындағы қазіргі ел чемпиондары, Әлем чемпионаты регламентінің талаптарына сәйкес келетін шахматшылар қатыса алады. Сондай-ақ, Қазақстан Шахмат федерациясының қосымша 30 қазақстандық ойыншыны шақыру құқығын иеленген», - деп атап өтеді федерацияның баспасөз қызметінен.

Тегтер: