16 Ақпан 12:13

Данияр Юлдашев финалға шықты

Фото:

Дубайда Karate 1 Премьер-лигасы өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. 84 келіге дейінгі сақмақта қазақстандық Данияр Юлдашев финалға жолдама алды.

Финалға дейін ол Әзірбайжан спортшысын 6:3, Ресейлік спортшыны 8:0, Франция өкілін 3:1, жартылай финалда Македония каратешісін 6:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз финалда Иран спортшысы, әлем чемпионы Пуршабпен кездеседі. 

Тегтер: