28 Ақпан 13:52

Боксшы қыздар 4 медаль жеңіп алды

Фото:

 Болгарияда бокстан «Странджа-2021» халықаралық турнирі аяқталды.

Алматы, NEGE. Қазақстан қыздар құрамасының спортшылары соңғы жарыс күнінде 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. Валентина Хальзова 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, турнир «алтынын» иеленді.

51 келіде сынға түскен Ангелина Лукас пен 75 келіде шаршы алаңға шыққан Надежда Рябец ел қоржынына қос күмісті салды. Карина Ибрагимова қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, ерлер құрамасынан Бейбарыс Жексен мен Нұрқанат Райыс Болгарияда өткен халықаралық доданың қола жүлдегерлері атанған болатын.

Тегтер: