13 Мамыр 15:16
...

Салтанат Дауыспекқызы: «Жайлы мектеп» жобасы аясында 54 600 орындық 53 мектеп құрылысы басталады

Алматы облысы білім басқармасы басшысы
Фото: Алматы облысы білім басқармасы

 Президент үкіметке ел өңірлеріндегі апатты мектептер мен үш аусымды оқу мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

Бұл жоба Алматы облысында қалай жүзеге асуда? NEGE тілшісі Алматы облысының Білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева Дауыспекқызынан сұрады. 

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында Алматы облысы бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Жоба алдына қойған негізгі міндеттер, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, орта білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету қай деңгейде жүзеге асып жатыр?

– Облыстағы 1160 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 95 475 бала қамтылған. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 92,3% құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артып отыр, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 94,3 пайыз, 2022 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артты. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында қадамдық жоспарға сәйкес жаңа орындар ашылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда мектепке дейінгі мекемелердегі 3064 әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар тамақпен қамтылды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі 75,2 пайызды құрап отыр. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы) орындау мақсатында 2023 жылы 78 мектепті жаңғыртуға 6,4 млрд. теңге қарастырылып, 70 мектеп үшін 86 жаңа модификацияланған кабинет сатып алынды.

78 мектеп кітапханасына көркем әдебиет, стеллаждар, компьютерлік техника сатып алу 50 млн. теңге бөлініп стеллаждар, компьютерлік техника орнатылды. 5 мектепке күрделі жөндеу 5 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5 мектептің жиһаздары мен асханасын жаңғыртылды.

Салтанат Беспаева
ғаламтордан

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 203,7 млн теңге бөлінді. 30 мектепке бейнебақылау камералары, 22 мектепте турникет орнатылды. 2023-2024 оқу жылында облыстың жалпы білім беретін 433 мектептеріндегі (оның ішінде жекеменшік мектептерде-36, контингент-12674) оқушылар саны – 343 161.

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 238 мектеп (оқушы саны – 138 282), орыс тілінде – 1 (оқушы саны – 2043), аралас тілде – 192 (оқушы саны – 202 083), ұйғыр тілінде – 2 мектеп бар (оқушы саны – 753). Шағын жинақталған мектептер 78, оқушылар саны – 5 324.

Облыстың білім сапасын көтеру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Алматы облысының білім сапасын арттырудың «ЖОЛ КАРТАСЫ» жасалды. Жол картасы аясында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, ауқымды «50 табысты мектеп» жобасы қолға алынды. Нәтижесінде білім сапасы 1,6 пайызға артты.

Анықтама ретінде: 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру сапасының деңгейі 66,4% көрсетіп отыр. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,6%-ға артты.

Аталған бағытқа жергілікті бюджеттен 756 млн теңге қаражат бөлінді. Жобаның мақсаты – педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетін арттыру, олимпиадалық қозғалысты енгізу-бекіту, сонымен қатар ұлттық құндылықтар негізінде білім беру философиясын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау. Жобаға таңдалып алынған мектептер білім сапасы төмен көрсеткен және басым көпшілігі ауылдық елді мекендердегі мектептер болып табылады.

Жоба аясында Алматы облысындағы 50 мектептің 3817 мұғалім, 50 директор және 58 мыңнан астам оқушысы 11 кезеңнен тұратын біліктілік арттыру курстары мен кешенді оқыту жұмыстарына қамтылды. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1,5 млрд теңгеге 50 мектептің 150 физика, химия және биология кабинеттері жабдықталды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру», педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау және ауыл мектептерінің материалдық базасын жаңарту арқылы қала мен ауылдық жерлер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған жобасына сәйкес 2022-2023 оқу жылында Жамбыл ауданы, «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 249,8 млн теңге қаражат бөлініп, мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылса, 2023-2024 оқу жылында аудан орталығында орналасқан 3 ауылдық мектептің тізімі ұсынылып (Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы, Райымбек ауданы, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебі, Ұйғыр ауданы, Абай атындағы мектеп гимназиясы) бүгінгі күндеҚоғамдық Қор тарапынан аталған мектердің оқу кабинеттері 100% пайыз жабдықталды (әр мектепке 250 млн теңге қаражат бөлінген).

«Қазақстан халқына» қорымен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мақсатында 3 облыстық арнайы мектеп-интернаттары білім алып жатқан балалардың ерекшеліктеріне қарай толыққанды білім алуы үшін замануи жабдықтармен (35 млн тг.) қамтамасыз етілді (Топтық сабақтарға арналған № 1 логопед кабинеті, жеке сабақтарға арналған логопед кабинеті, сенсорлық бөлме, тігін шеберханалары мен ағаш ұстасы шеберханасы, компьютерлік кабинет және спорт залы 100% жабдықталды).

Салтанат Беспаева
ғаламтордан

Жалпы, облыста қанша мектеп бар? Үш ауысымда білім беретін мектеп мәселесі шешімін тапты ма? Президент апатты мектептер мен үш ауысымды оқу мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының тезірек орындалуын тапсырды. Осы бағдарлама аясында қанша мектеп салынады?

– Облыста апатты мектептер жоқ. 2023-2024 оқу жылында Алматы облысында жалпы білім беретін 433 мектеп бар. Оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 2022 жылы 15 750 орындық 16 мектептің құрылысы басталған. 2023 жылы 14400 орындық 14 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Қалған 2 мектептің құрылысы 2024 жылдың соңына дейін бітеді. Нәтижесінде үш ауысымда оқитын мектептердің саны 39 бірлікке дейін азайды (2024 жылдың қаңтар айына облыстың Еңбекшіқазақ ауданында 2 мектеп, Жамбыл ауданында 7 мектеп, Қарасай ауданында 6 мектеп, Іле ауданында 18 мектеп, Талғар ауданында 6 мектеп).

Үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен 2023-2024 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 54 600 орындық 53 мектептер құрылысын салу жоспарланып, бекітілді, оның ішінде, 2024 жылы 24900 орындық 26 мектеп, 2025 жылы 29700 орындық 27 мектеп салынады.

2023 жылы 26 мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, инвесторлар тарту арқылы 9515 орындық 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 4215 орындық 5 мектептің құрылысы толығымен аяқталып, іске қосылды.

Қазіргі уақытта 5300 орындық 4 мектеп құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 1500 орындық мектеп құрылысын «Менің мектебім» ЖШС-гі, Есік қаласы мен Шелек ауылында әрқайсысы 900 орындық 2 мектептің құрылысын «Верный капитал» компаниясы, Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 2000 орындық мектеп құрылысын «Адвенто» ЖШС-гі жүргізуде. Жоғарыда аталған мектептердің құрылысының аяқталу мерзімі - 2024жылдың соңы. Осылайша үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою көзделіп отыр.

 – Білім саласында қолға алынған реформалар жайында айта кетсеңіз. Оқыту бағдарламасын жетілдіру керек пе?

– Облыста білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған білім беру реформалары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жасалған кейбір негізгі реформалар мен бастамаларға мыналар жатады: Оқу жоспарын модернизациялау: Халықаралық стандарттар мен заманауи білім беру тәжірибесіне сәйкестендіру үшін өзінің білім беру бағдарламасын қайта қарауда. Бұған пән мазмұнын жаңарту, сандық технологияларды енгізу, сыни ойлау мен проблеманы шешу дағдыларына баса мән беру кіреді.

Мұғалімдердің кәсіби дамуы: Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және біліктілігін арттыру бағдарламаларын жақсартуға күш салынды. Бұл мұғалімдерге үздіксіз білім алу мүмкіндігін беруді, оқытудың инновациялық әдістерін қолдануды және педагогикалық шеберлікті арттыруға қолдау көрсетуді қамтиды.

Инфрақұрылымды дамыту: Инвестициялар оқуға қолайлы орта жасау үшін мектеп инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалды. Бұған жаңа мектептер салу, бұрыннан барларын жөндеу, оқу кабинеттерін заманауи білім беру технологияларымен жабдықтау кіреді.

Инклюзивті білім беруді ілгерілету: Мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инклюзивті білім беруді ілгерілетуде. Бұл қолдау қызметтерін көрсетуді, оқу бағдарламаларын бейімдеуді және студенттердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұғалімдерді оқытуды қамтиды.

Жайлы мектеп
ғаламтордан

Ерте жастағы балаларды оқытуға баса назар аудару: ерте жастағы балаларды дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, ерте жастағы білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтіп, олардың сапасын арттыруда. Бұған мектепке дейінгі мекемелер мен балабақшаларды көбейту және оқу бағдарламаларын жетілдіру кіреді.

Цифрлық трансформация: оқыту және оқу үдерістеріне АКТ (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар) интеграциясы арқылы цифрлық білім беру күн тәртібін алға жылжытуда. Бұл мектептерді интернетпен қамтамасыз етуді, сыныптарды компьютерлермен және планшеттермен жабдықтауды және электрондық оқыту платформаларын алға жылжытуды қамтиды.

Сапаны қамтамасыз ету және мониторинг: білім берудегі сапаны қамтамасыз ету тетіктерін күшейтуге күш салынды. Бұған стандартталған бағалауды енгізу, білім беру нәтижелерін бақылау және жақсарту бағыттарын анықтау үшін тұрақты бағалау жүргізу кіреді.

Бұл реформалар оқушыларды жаһандық экономикадағы табысқа дайындайтын бәсекеге қабілетті және заманауи білім беру жүйесін дамытуға Қазақстанның кеңірек көзқарасының бір бөлігі болып табылады.

«Педагог мәртебесі туралы» заңды өңірдегі ұстаз қауымы қалай қабылдады? Мұғалім мәртебесін арттыру үшін не істеу керек?

– Педагог мәртебесі туралы заң мұғалімнің қоғамдағы орнын нақтылап, мәртебесін көтеретін бірден бір құжат. Заң бойынша педагогтерге біліктіліктерін жан-жақты көтеруге, жеке дамуына, оқу прецесін жетілдіруге мүмкіндіктер беріледі. Сонымен қатар материалдық ынталандыру мәселесі де қарастырылған. Заң мұғалім жауапкершілігін, әдептілігін, мәдениеттілігін жоғары қоюды да алға қояды. Заңның өз деңгейінде орындалуы ең бірінші мұғалімдерге тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Себебі заң нормаларына сай қызмет ету, әділдікті ту ету, дұрыс жүріп-тұру, сөйлеу, талап ету өзімізден басталса, қоғам да біздің мәртебемізді асырары анық.

1. Заңды басшылыққа ала отырып, педагогтар мектеп оқушыларының қабілеттерін және нақты мүмкіндіктерін анықтап, осы бағытта дамыта оқытуды бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналдыру қажет.

2. Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау;

3. Мұғалімдердің білім беру сапасының жоғары болуы кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігімен ерекшеленуі тиіс;

4. Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияларды меңгеру;

5. Халықаралық байқаулар мен жарыс жеңімпаздарына түрлі олимпиада мен спортқа қатысты жарыстарға оқушыларды дайындау үшін нәтижеге бағытталған жүйелу жұмыс жүргізу.