14 Мамыр 13:45

Шымкенттің инвестициялық әлеуеті жоғары

Фото:

Шымкентте жыл басынан сәуірге дейін қала экономикасына 59,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға артқан, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкент, NEGE. Жоспар бойынша 2021-2025 жылдар аралығында құны 2,5 трлн. теңгеге 261 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 171,6 млрд. теңгеге 68 инвестициялық жоба жүзеге асып, 2,5 мың жұмыс орны құрылады. Ал кәсіпкерлік қолдау картасы аясында осы жылы қалада 56,1 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу жоспарланған. Айта кетейік, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен инвестициялық штаб құрылған болатын. Шаһар экономикасы мен инвестициялық әлеуеттің өсуі және туындаған мәселелер осы отырыста кеңінен талқыланады.

Штабтың негізгі қызметі – инвесторларды мемлекеттік қолдау арқылы ынталандыру, қала аумағында жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту мен жаңарту, жаңа өндіріс алаңдарын құру, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді шешуді жеделдету. Кезекті штаб отырысында қала әкімі инвестициялық жоба бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Тегтер: