USD
USD
USD

Шымкентте 367 нысанға «Аshyq» қосымшасы енгізілді

Шымкент қаласындағы кәсіпкерлерден «Аshyq» жобасына қатысуға барлығы 848 өтінім түскен, оның ішінде 367-не QR код берілді. 192 нысан әкімдік сайтына орналастырылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте 367 нысанға «Аshyq» қосымшасы енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың қатарында бірнеше фитнес-клуб, кинотеатр, спа-орталық, сауна мен басқа да нысандар бар. Қосымшаны қолдану: нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ін енгізуі керек. Кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлейді. Егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, «қызыл» мәртебе беріледі. Мұндай мәртебе иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау бұйырылады.

«Сары» белгі байланысқа түсетін адамдарға тағайындалады. Оларға азық-түлік алуға немесе үй жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат етіледі. Бірақ басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады.

«Көк» түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін қозғалады.

«Жасыл»түс – қозғалыс еркіндігінің белгісі.

«Ашық» жобасына қатысуға ниетті кәсіпкерлер «info.kazakhstan» сайты арқылы өтініш береді. Қосымша сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе «Атамекен» ҰКП 1432 байланыс нөміріне хабарласуға болады

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер