USD
USD
USD

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Daryn.online платформасында оқушылар мен ұстаздардың дербес деректерінің таралуы жөніндегі ақпаратқа байланысты жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады.

дербес деректің таралуы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ведомство өкілдері тексеру нәтижесінде 4,2 млн жазбадан тұратын дербес деректердің таралу фактісі расталмағанын хабарлады.

«"Daryn.online" ЖШС ақпараттық жүйесінде нақты сақталған дербес деректер көлемі 90 мыңнан астам жазбаны құрайды, бұл жарияланымдарда көрсетілген көлемдегі деректердің әшкереленуі мүмкін еместігін көрсетеді», – делінген ресми хабарламада.

Тексеру барысында дербес деректерді қорғау жөніндегі міндетті шараларды тиісінше орындамауға байланысты заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған. 

Осыған байланысты «Daryn.online» ЖШС Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынды. Бұл ретте дербес деректердің артық көлемін жинау, деректер субъектілерінің оларды өңдеуге тиісті келісімінің болмауы, дербес деректерді өңдеу жөніндегі ішкі процестердің реттелмеуі, жауапты тұлғалардың тағайындалмауы, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің ұйымдастырушылық және техникалық қорғалу деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты бұзушылықтар анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін киберқауіптерді талдайтын ThreatMon платформасының мамандары даркнетте Daryn.online дерекқоры бұзылып, оқушылар мен ұстаздардың жеке деректері тарап кеткені туралы хабарлама пайда болғанын жазған еді.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы