20 Маусым 18:34

Шымкент кітапхана желісін заманауи талаптарға сай жаңғыртуға көшті

Фото:

Шымкент кітапхана желісін заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртуға шындап кірісті.

Шымкент, NEGE. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған зиялылар Абай кітапханасымен танысты. Бұл – биылға үшінші кітапхана.

Қайбір жазбамда әлеуметтанушылардың “үшінші орын теориясын” жазған едім. Мақсат – кофейнялар мен кинотеатрларды “үшінші орынға” айналдырып алған жастарға ыңғайлы жағдай жасап, кітапханаларға қайта әкелу.

Сонымен бірге, кітапхана концепциясы өзгеріп, бұрынғы түсініктегі кітапханадан сәл-пәл кетіп, қоғамдық орталыққа, яғни коммунити орталығына айналды. Бұдан былай кітапханаға кітап оқу үшін ғана келудің қажеті жоқ. Жастар кездесуге, қарттар әңгімелесуге, кофе не шәй ішуге, балалар ойын ойнауға келуге болады.

"Бұл кітапханада жанға жайлының бәрі бар. Тыныш аймақ та, шулы аймақ та бар, кафе де бар, кино да бар, музыка да бар, жалпы, бәрі бар кітапхана", – деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Фейсбуктегі парақшасында. 

Тегтер: