24 Қаңтар 23:42

Лукашенко: мен бірінші президентпін, соңғы болғым келмейді

Фото:

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Беларуссияның егемендігін есінен  шығармайды. Мемлекет басшысы бүгін Шкловтағы "Завод газетной бумаги" ұжымымен кездесуінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады БЕЛТА.

Алматы, NEGE. «Біздің өз мемлекетіміз бар. Біз тәуелсіз елміз. Ақылымыз бен қолымыздан келгенінше өз мемлекетімізді аяғынан тұрғыздық. Біз өзге елдің бір бөлшегі болуға тиіс емеспіз. Тіпті Ресей бауырлас мемлекет болса да, мен халқыма сатқындық жасай алмаймын» депті, Александр Лукашенко.

Содан кейін тағы ол бүй деген: «Ал билікке келетін болсақ, мен шынымды айтайын, президенттік сайлау бәрін шешеді: сіздер кімді қалайсыздар, елді сол басқарады. Егер мені сайламасаңыздар, сіздерге өкпем жоқ. Қазіргі заман өте өзекті, өйткені болашақта балаларыңыз кімнің тұсында өмір сүргені – ең алдымен сіздерге керек. Әңгіменің төркіні – осы».

Беларусь басшысының тақта ұзақ отырып қалғаны рас. Дегенмен осындай мәлімдемелері – жүрекке жылы, санаға қонымды. Бәлкім ол осындай артықшылығымен де «ұзақ жасап» келе жатқан шығар.  

Тегтер: