6 Қаңтар 12:19

Бозымбаевтың бастамалары іске аса бастады

Фото:

Қызылорда облысынан тартылған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларына жетті. Осылайша 2,7 млн адам табиғи газдың қызығын көреді. Бұл туралы ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Газ құбыры құрылысы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты Қазақстан халқына жолдауының аясында басталған еді. Қысқа мерзімде 1 061,3 шақырым газ құбыры, 5 бірдей қуатты автоматты газ тарату стансасы және газ өлшеу стансасы салынды.

2018 жылдың желтоқсанында басталған газ құбырының құрылысына 2 мың адам жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өнімдерді сатып алуға мейлінше ден қойылды. Мәселен, ілмекті арматура және кран тораптары, автоматтандырылған газ тарату стансалары толығымен қазақстандық өнім өндірушілерден алынды.

Сарырақа төсіне жеткен газ магистралі экономикалық, әлеуметтік қана емес, экологиялық та мәселелерді шешері анық. Енді орталық және солтүстік өңірдің миллиондаған тұрғыны көмір жағуды тоқтатады.

Тегтер: