23 Қараша 10:54

«Слесарь-судья» Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ қызметінен босатылды

Фото:

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы М.Таймерденов қызметінен босатылды.

Мейрамбек Таймерденов судья лауазымын атқарудың  шекті жасына толуына байланысты оны қызметінен босату мәселесі қаралды.

Еңбек жолын слесарь болып бастаған М.Таймерденовтің жасы қазір 65-те. Ол сот жүйесінде 19 жыл қызмет атқарған.

М.Таймерденов Алматы қалалық сотына екі мәрте төраға болды, Алматы облыстық сотын басқарды. Кейінгі 4 жылда Жоғарғы соттың судьясы қызметін атқарды, Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі алқасына төрағалық етті.

Жұрт Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесіндегі бас айналдырарлық карьерасын экс-президент Н.Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевпен байланыстырады. Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Таймерденовтің Б.Назарбаевтың қызы Гүлмира ӘБІШЕВАҒА «сот жүйесіндегі ең жоғарғы награда» «Үш би» құрметті белгісін тапсырып жатқаны туралы видео тараған болатын. 

Қаңтар оқиғасынан кейін (2022 жылдың шілдесінде) Гүлмира ӘБІШЕВА Қарасай аудандық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы қызметінен «өз еркімен» кетті...

Тегтер: