4 Желтоқсан 20:03

Жылыойда екі мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Фото:

Биыл Жылыойда екі мыңнан аса жұмыс орны ашылды.

Алматы, NEGE.  «Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері үш мыңнан астам адам жұмыс іздеп хабарласқан. Ал қазіргі уақыттағы жұмыссыздар саны 2 291 адамды құрап отыр.

«2020 жылы экономиканың барлық салаларында 2 067 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде 827 адам жұмысқа орналастырылды», – дейді Хәлел Жамалов.

Тегтер: