17 Тамыз 10:47

Жамбыл облысында жол бойынан басы жоқ жасөспірімнің денесі табылды

Фото:

Жамбыл облысындағы ауылдық елді-мекен маңындағы жолдың жанынан басы жоқ жасөспірімнің денесі табылды. Кейін анықталғандай, жантүршігерлік оқиғаға жол-көлік апаты себеп болып шықты. Одан бөлек тағы бір оқушы жарақат алып, ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды КТК.

Алматы, NEGE . Адам шошырлық қайғылы жағдай Байзақ ауданының орталығында болған. Полицейлер таратқан мәліметке сүйенсек, 27 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, екпінмен келіп жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Қатты соққыдан көлік ішіндегі екі жолаушы зардап шекті. Жас шамасы 12-13-тегі жасөспірімдердің біреуінің басы денесінен бөлініп қалған. Ал, екіншісі ауруханаға түсіпті.

Көлік жүргізушісі апат болған жерден қашып кеткен. Бірақ ол көп ұзамай қолға түсті. Қазір дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр, - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Тегтер: