16 Мамыр 09:19

Түрмеден әйеліне сыйлық жіберді

Фото:

Шығыс Қазақстан облысы түзеу мекемесінде сотталған өз қолымен альбом жасап, жанұясына бандероль арқылы жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ОВ 156/6 қатаң тәртіптегі колонияда қамауда отырған сотталушы өз отбасын Халықаралық Отбасы күнімен құттықтап, өз қолымен альбом жасады. Карантиндік режимге қалыптасқан жағдайларға байланысты бүгінгі күні барлық мерекелер, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі кездесулер жойылған болатын. Бірақ сотталғандар әлі де өз жақындарын қуанта отырып, жағдайдан шығудың амалдарын қарастыруда, мысалы, адам өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Алексей Романов өз отбасын осы қасиетті күнмен құттықтауды шешті. Ол өз қолымен картон қатты қағаздардан,тері алмастырғыш материалдарынан альбом жасады. Өз жұбайына хат жазып, бандерольге өз қолымен жасалған альбомды салды.
Мен қазір өз отбасымды және ата-анамды карантиннен ұзақ көрген жоқпын. Мен өз махаббатымды білдіргім келеді. Бұл сыйлықты менің балаларым мені ұмытпай, әрдайым осы альбомда бақытты сәттерді жинасын деп сыйладым, – дейді жазасын өтеуші.
 

Тегтер: