8 Қаңтар 16:58

Төрт облыста боранға байланысты ескерту

Фото:

Қазақстанның төрт облысында боранға баланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Күндіз 9 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 9 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Оралда да тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда 9 қаңтарда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Бұдан басқа, Өскемен, Риддер қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентінде 9 қаңтардың кешіне дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жылы болады деп болжаған еді.

Тегтер: