5 Желтоқсан 15:17

Шымкенттің әлеуеті жоғары

Фото:

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің үшінші мегаполисінің дамуындағы басты өзгерістер туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, соңғы екі жылда Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 миллиард теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88 пайызға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 триллон теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 миллиард теңгеге жетті.

«Қалаға жаңа мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын Елбасы Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің даму орталығына айналатынын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Біздің міндетіміз - экономиканы қарқынды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау», – деп атап өтті мегаполис әкімі.

Тегтер: