24 Маусым 10:29

Сарыағаш қаласында азық-түлік дүкендері өртеніп кетті

Фото:
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік

дүңгіршіктері өртеніп кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік  дүңгіршіктері өртеніп кеткен», - делінген комитет хабарламасында. Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобы жалпы саны 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Тегтер: