15 Желтоқсан 18:34

Пластикалық індет: Экология министрлігінің саясаты қандай болмақ?

Фото:

2020 жылдың 11 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті билік, мамандандырылған ұйымдар өкілдерінің, жергілікті сарапшылар мен ТМД мен АҚШ ғалымдарының қатысуымен «Қазақстанның пластикалық қалдықтармен ластануы және Экология министрлігінің саясаты» тақырыбында І ғылыми-экологиялық форум өтті.

Алматы. NEGE. Форумның ұйымдастырушысы – «JASYL ARYSTAN» қоры. Форумға Қазақстаннан 14 делегат және Ресей мен АҚШ сарапшылары қатысты.

Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның ластануына қарсы күресті бірлесіп күшейту.

Пікірталас алаңында тұрғындарға экологиялық білім беру қажеттілігі талқыланды. Атап айтар болсақ:

  • PlastNe жобасының пластикалық қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жөніндегі іс-шаралары;
  • Әйгілі америкалық коммерциялық емес ұйымның «5 gyres» пластикалық ластануға қарсы әлемдік қозғалысы;
  • Жасыл мемлекет шеңберінде жаңа эко стандарттарды енгізу қажеттілігі туралы;
  • Биополимерлер сияқты зиянды пластиктерге балама табу;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің соңғы технологиялары туралы, тұрғындар арасында пластиктің қолданылуын азайту жөніндегі шаралар, пластикке тыйым салу бойынша экологиялық кодексті жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік реттеу және заңнамалық база мен нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігі туралы.

І Ғылыми-экологиялық форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Экология министрлігінен Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануының өткір және өзекті мәселелеріне назар аударуын сұрады.

 «JASYL ARYSTAN» қорының көтеріп отырған мәселелері мынадай: 

- Қазақстан Республикасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы алғашқы Заңды, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде қалыптастыру, улы пластмассаны баламалы материалдармен ауыстыру туралы заңнамалық актіні қабылдау;

- жергілікті атқарушы органдарға және олардың басшыларына өз аумағында қоршаған ортаны тұрмыстық пластикамен ластағаны үшін көп мөлшерде айыппұл салу жүйесін енгізу;

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге, сондай-ақ қайта пайдалануға болмайтын қоқыстарды шығаруға арналған нормативтік талаптарды жүзеге асыру;

- қоршаған ортаны ластайтын пластмассадан және осыған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарды пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерге арнайы салық енгізу;

- тұрмыстық және өндірістік қалдықтар мен полигондардың жай-күйі үшін жеке жауап беретін жергілікті атқарушы органдардың және олардың бірінші басшыларының жұмыс істеу мерзіміне қарамастан жауапкершілігін белгілеу;

- Қазақстан Республикасында тек Ішкі істер министрлігіне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарға есеп беретін экологиялық полицияны құру, сондай-ақ Қылмыстық кодекске қоршаған ортаны ұзақ уақыт жұмыс істейтін пластмассалармен және сол сияқты материалдармен ластағаны үшін баптар енгізу;

- тұтыну өнімдеріне де, қаптамаға да, шығын материалдарына да талаптарды қамтитын жалпыұлттық экологиялық стандартты әзірлеу және енгізу.

Тегтер: