USD
USD
USD

Қамыс-Самара көлдеріне 20 жылда алғаш рет су жіберіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самара көлдеріне су жіберіп жатыр.

Қамыс-Самара
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚРнің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева аталған көлдер жүйесіне су 20 жылда алғаш рет барып отырғанын атап өтті.

«Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған. Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір су қоймасынан салу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы