12 Маусым 17:07

Photooner.kz сайты жұмысын қайта бастады

Фото:

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған photooner.kz сайты жаңа айдарлармен толығып, жұмысын қайта бастады.

Алматы, NEGE. Рhotooner.kz - ел аумағындағы фотография саласы бойынша мемлекеттік тілде қызмет ететін алғашқы сайт. 

«Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады.

«Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар оларды іс-жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы шеберлік сабақтары арқылы  үйренуге мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда «Шеберлік сағаты» айдары бір бірін толықтырады.

«Фотоөнер кітапханасы» айдары фотоальбомдар, оқулықтар, магистрлік, бакалавр дипломдық жұмыстарымен танысып, болашақта ғылыми зертеулер жүргізіп, докторлық диссертациялар жазуға жол ашады.

Сайтта авторлық құқық пен кәсіби әдеп сақталған. 

Сайттың негізгі мақсаты ақпараттар ағымындағы маңызды фотожаңалықтар, жаңа фототехникалар, фотобәйгелермен дер кезінде құлағдар ету.

Тегтер: