10 Желтоқсан 13:07

Өткен тәулікте Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды

Фото:

Атырау облысында өткен тәулікте 28 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау, NEGE. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 жұмысшыдан,  Құрманғазы ауданынан 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың үшеуінде ауру симптомды түрде өтуде.

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 48 науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 136 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  48 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 8 (атап айтқанда, Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандардағы инфекциялық стационарда), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 200 адам ем қабылдауда.

Тегтер: