26 Мамыр 17:17

Орталық қалалық клиникалық ауруханадан 10 қызметкер жұмыстан кетті

Фото:

25 мамыр күні Алматы қаласы әкімі орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевпен бірлесе отырып видеоконференц байланыс режимінде Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымымен жиналыс өткізді. Бөлімше меңгерушілері мен директордың орынбасарын қосқанда 30 адам қатысты.

Алматы, NEGE. Жұмысқа орналастыру және коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған, инфекцияны жұқтырған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді жүзеге асыру барысына байланысты еңбек ұжымының өтінішінде көтерілген мәселелер қаралды. ОҚКА бас дәрігерінің уақытша орынбасары м.а. Гүлнар Құлқаеваның ағымдағы жағдай жайлы баяндамасы тыңдалды. Осылайша, аурухананың 10 қызметкері өз еркімен жұмыстан шықты. 1 маусымға дейін сауыққан 143 қызметкер жұмысқа орналасады деп күтілуде, ал 1-15 маусым аралығында қалған барлық қызметкерлер жұмысқа шығуға дайын.

Кездесуге қатысушылар қалалық карантин режиімінің аясында қалыптасқан еңбек құқығын одан ары реттеу шаралары бойынша  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тәсілдерін қарастырды.

ОҚКА қызметкерлері үшін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 15 күннен вахталық жұмыс әдісі белгіленген, алайда бұл әдіс жан сақтау бөліміндегі мамандарға қатысты емес, олар үшін сағаттық жұмыс кестесі қарастырылған.

Сонымен бірге, ОҚКА қызметкерлерін барынша толығымен (максималды түрде) №4 ҚКА,  №7ҚКА, ҚЖШККА (ГБСНП) бос орындарына жұмысқа орналастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, жұмысқа орналастырылмаған ОҚКА қызметкерлеріне өндірістің тоқтап тұрған кезеңінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен орташа айлық есеппен жалақы төлеу жоспарланып отыр.

Үстемақы мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, тізімдер жасалды, жақын арада Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы тобы жүргізген тергеу амалдарының ресми нәтижесі күтілуде. Соған байланысты соңғы шешім қабылданады.

Кездесуде қабылдау бөлімінің дәрігер-травматологы Д. Кунтуев, гинекология бөлімінің меңгерушісі Г. Әміреева, эпидемиолог Г. Жантуова және т. б. сөз сөйледі.

Тегтер: