Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар аумағында полиция қызметкерлері заңсыз күзет қызметін анықтады

Павлодар аумағында полиция қызметкерлері заңсыз күзет қызметін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Павлодар облысында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдері қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған Павлодар қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады.

– Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Онда олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты жүзеге асыру үшін жас жігіттерді жинаған, еңбек шарттары жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Өңірде ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізу барысында күзет қызметін жүзеге асыратын 30-ға жуық адам, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушылары полицияға жеткізілді.

Полицияның пайымдауынша, заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам табыс әкелді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш