28 Қараша 09:47

Өрт: 60-тан астам адам эвакуацияланды

Фото:

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 60-тан астам адам эвакуацияланды.

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тихая көшесінде орналасқан тоғызқабатты тұрғын үй подъезіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенген. Көк түтін 5 пен 9 қабаттар арасын тұмшалап алды. Оқиға орнына жылдам жеткен құтқарушылар 62 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Зардап шеккендер жоқ.

«Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Сонымен қатар бүгін сағат Ключевая көшесіндегі гаражды жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер 32 шаршы метрге жайылған отты ауыздықтады.

Тегтер: