Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты
29 шілде, 16:03

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты.
Алматы, NEGE. «Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда кіріскен еді.