21 Желтоқсан 10:39

Малышева ұйқысыздық шақыратын тағамдарды атады

Фото:

Белгілі тележүргізуші әрі дәрігер Елена Малышева ұйқысыздық шақыратын тағамдарды атады.

Алматы, NEGE. Тележүргізуші және медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева ұйқысыздық шақыратын азық-түлікті атады. Ол бұл қатарға спирттік ішімдік, кофе, майлы және ащы тағамдарды жатқызды. Оның айтуынша, алкоголь ұйқтау жиілігін бұзады. Ал, кофе туралы әңгіме басқа. "Кофе ұйқыны екі жағдайда бұзады. Біріншіден, бұл әлсіз психостимулятор, екіншіден, бұл күшті зәр қуатын препарат. Сіз ұйқыға кеткен соң әр жиырма минут сайын ояна беруіңіз мүмкін" дейді теледәрігер. 

Сондай-ақ, ащы және майлы тамақ та ұйқысыздық шақырып, асқазан ауруын туғызуы мүмкін. "Егер сіз нашар ұйқтасаңыз тамақтану тәртібін өзгертіңіз. Жатар алдында тамақтанудан аулақ болыңыз. Шұжық өнімдерін, маринадталған тағамдарды, ақ нан жемеңіз. Алайда, түнге қарай кефир, қызыл фасоль, фисташки, шие, күнжіт жеуге болады", - дейді Елена Малышева.

Тегтер: