6 Ақпан 11:42

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры қамауға алынды

Фото:

Қорғаныс министрлігінің пара алды деген күдікке ілінген генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды. 

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растап отыр. 

«Жемқорлыққа қарсы келісім аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жүргізген шаралардың арқасында ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы – генерал-майор Көпбаев ұсталып, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта генерал-майор Көпбаевқа қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлімдеді ҚР Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов. 

Сонымен қатар, ол ақпарат құралдарында генерал-майор Көпбаевтың кадрлар және әскери білім департаментін басқаратыны жайлы ақпарат тарап кеткендігін айтты.

«Бұл мәлімет дұрыс емес. Лауазымды қызмет пен әскери атағына қарай оның лауазымы – ҚМ кадрлар департаментінде болған. Оның әскери білім департаментіне қатысы жоқ», - деді Бекен Шынтілеуов.

Айта кетсек, Қорғаныс министрлігінің генералы Қайрат Көпбаев ұсталған еді. Ол қызметтік саласында жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан қомақты мөлшердегі параны жүйелі алу күдігіне іліккен.

Тегтер: