29 Сәуір 09:21

Қазақстандық вакцина 9000 адамға егілді

Фото:

Үш күнде Қазақстандық QazVac вакцинасы 9 мың адамға егілді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Отандық препараттың алғашқы легі үш күн бұрын вакциналау орталықтарына таратылған еді. Жалпы қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозасын бір миллион 17 мың қазақстандық алып үлгерді. Вакциналаудың толық екі кезеңінен 205 мыңнан аса адам өтті. Олардың бәрі вакциналау құжатын алған. 

Тегтер: