15 Мамыр 17:49

Қадір түнінде мешіттер жабық болады

Фото:

18 мамырдан бастап мешіттер тек таңғы сағат 07:00 мен 20:00 аралығында ғана ашық болады.

Алматы, NEGE. Алайда мешіттер түнгі мезгілде жабық болады. Сол себепті 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні Қадір түнін әркім өз үйінде өткізіп, дұға-тілек қылғаны дұрыс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға шектеу қойылатынын мәлім етті. «Қадыр түнін үйде қарсы алу керектігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ», - деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Тегтер: