1 Маусым 08:45

Елордадағы блок-бекеттер алынды 

Фото:

 Нұр-Сұлтан қаласында бақылау бекеттері алынды. Енді көліктер еркін қатынай алады.

Алматы, NEGE. Елорда маңындағы елді мекендерге автобустар жүре бастайды. Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден түнгі 22:00-ге дейін қатынайды. Қоғамдық көліктер толық зарарсыздандырылады. Ал жүргізушілерге қойылатын басты талап – бетперде тағып, қолғап киіп отыруы тиіс. Жолаушылар да автобусқа медициналық маскасыз міне алмайды. Жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды. Ереженің сақталуын көліктік бақылау департаментінің мамандары үнемі тексеріп отырады.

Тегтер: