15 Қараша 11:48

Елорда мектептерінде екінші тоқсанда оқу ережелеріне өзгеріс енгізілді

Фото:

  Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 245 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы жаңа қаулы шықты.

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, екінші тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар офлайн режимде оқитын болады. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысы 3-тармағының 3.11-тармақшасына өзгерістер енгізілген.

Нақтырақ айтсақ, тармақша мынадай редакцияда жазылған: «Екінші тоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 1-7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ашылады», - делінген қаулыда. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруге міндеттелді. Қаулы 2020 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Тегтер: