21 Маусым 09:06

Еліміздің он бір өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Фото:

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, NEGE. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 21 маусымда Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырауда күндіз 21 маусымда 39 градус қатты ыстық сақталады. 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 21 маусымда найзағай, дауыл күтіледі.

Солтүстіктен жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, 22 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 22 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.  Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. 21 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Көкшетау қаласы: 21 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с. Күндіз 21 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде 36 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 21 маусымда облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 21-22 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қарағанды қ: 21 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 21 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 25 метр. Нұр-Сұлтан қ.: 21 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. 21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Павлодарда 21 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 21 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанайда 21 маусымда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20 м/с күтіледі.

Тегтер: