20 Желтоқсан 11:44

«Дикий Арман» қылмыс әлемінің серкесі екенін мойындады

Фото:

«Дикий Арман» лақап атымен көпке таныс Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желідегі парақшасына коллаж жариялады. 

Алматы, NEGE. Арманның жеке парақшасында 300 мыңға жуық оқырман бар. «Блогер» Жұмагелдиев жанкүйерлерден келген жылы лебіздерді  күн сайын жариялап отырады. Күні кеше лебіздер арасына бір коллаж қосылды. Бақсақ, жуырда қастандықтан өлген әзірбайжандық Надир Салифов пен Арман Жұмагелдиевтың өзінің суреті екен. Лоту Гулидің суретіне «Ең беделді заңдағы ұры» делінсе, Арманның суретінің астына «Қазақстандағы қылмыс әлемінің ең беделді серкесі» деп жазылыпты.

 

Тегтер: