27 Қараша 19:12

Денсаулық сақтау министрі ұзақ уақыт қайда болды?

Фото:

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой журналистердің қатысуымен өтетін брифингтерге неге сирек қатысатынын айтты.

Алматы, NEGE. «Неге сіз 13 қазаннан бастап брифингке шықпадыңыз? Жақында екі ай болады», – деп сұрады журналист Цойдан ОКҚ онлайн-брифингінде.

«Брифинг күтетіндеріңіз үшін көп рақмет. Әрине, олар біз үшін өте маңызды. Біз шешуіміз керек көптеген өткір мәселе бар. Өңірлерге, тікелей ошақтарға көптеген сапар жасадық. Ауруханаларға барып, әріптестерімізбен кездестік, әр өңірде – Маңғыстау облысында, Шығыс Қазақстан облысында іс-шараларды қалай өткізу керегі түсіндірілді. Әріптестерімізбен түрлі іс-шара мен дайындық өткіздік.

Біз орындауға міндетті осындай сәттер өте көп, соның ішінде өңірлік форматтағы жұмыс. Брифингті бүгінге жоспарладық, сіздерді қызықтыратын жағдайларды түсіндіруге дайынбыз», – деп жауап берді Алексей Цой.

Тегтер: