14 Мамыр 10:42

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүре ме?

Фото:

16 мамырда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жұмыс істемейді,  –  деп хабарлайды City Transportation Systems ЖШС.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «16 мамыр, жексенбіде, Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордадағы қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтайды. Дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», – делінген хабарламада. 

Тұрғындарға маска режимін сақтау керегі айтылды. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысын тек көлік картасы немесе QR кодын сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төлеу қажет.

Тегтер: