2 Желтоқсан 14:55

Болат Назарбаев Елбасыға арнап ән шығарды (видео)

Фото:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ағасына арнап ән жаздырды. Бұл туралы халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында хабарлап, аталған әннің видеосын жария етті.

Алматы, NEGE. Кеше, 1 желтоқсанда еліміз Қазақстанның Тұңғыш президенті күнін атап өтті. Бұл мереке қарсаңында Елбасының інісі ағасына арнайы ән жаздырды. Ән "Аға, сенсің Алатауым" деп аталады.

"Ағасына інісі арнайы ән жаздыртып айтқаны өте жарасымды, бүгін мереке екенін ұмытып кетіппіз жолда жүргесін. Тұңғыштың аты тұңғыш әрине. Бұл да - тарих, ел іргесі бүтін болып, ешқашан соғыс болмасыншы деп тілеймін", - деп жазған Мақпал Жүнісова. 

Тегтер: