14 Қараша 16:47

Бір облыста 77 көшеге Абай есімі берілген

Фото:

Қарағанды облысында Абай ескерткіші ашылып, көшеге ақынның есімі берілді.

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында Ұлы ақын және ойшыл Абайдың 175 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар жалғасуда.

Қарағандыда көшелердің біріне ақынның есімі берілді, ал Абай қаласында ескерткіші ашылды. Көшенің ашылуы салтанатты түрде ресми тұлғалардың және қала тұрғындарының қатысуымен кеншілер шаһарының орталығында, Абай ескерткішінің алдында өтті.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық Абай клубы сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы Абайға арналған өлең оқып, еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Мен әлемнің барлық классик ақындарының шығармаларын оқыдым: Пушкин, Гете және басқалар. Бірақ Абай шығармалары - бұл бөлек шексіз шығармашылық тұңғиық. Бүгінде оның барлық дерлік шығармалары орыс тіліне аударылмаған. Абайды білу үшін қазақ тілін үйрену керек деп есептеймін», – деді ол.

Облыста қала, 77 көше және 12 мекеме Абай есімімен аталады.

Тегтер: